Кәсіпкерлерге қатысты қадағалаудың үштен екі бөлігі қысқартылады - Тимур Құлыбаев

ОРАЛ. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуратурасымен бірлесе отырып, мемлекеттік органдар тарапынан кәсіпкерлерге қатысты жүргізілетін бақылау-қадағалау  қызметін азайтатын боламыз. Бұл туралы БҚО-ға жұмыс сапары кезінде облыстық кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің кеңейтілген жиынына қатысқан «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Кәсіпкерлерге қатысты қадағалаудың үштен екі бөлігі қысқартылады - Тимур Құлыбаев

null
Оның айтуынша, 28 мың бақылау-қадағалау қызметінің үштен екі бөлігі қысқартылады. Түптеп келгенде, кәсіпкерлерге қойылатын талаптарды 60 пайызға дейін азайтуға болады. Бұл, бір жағынан, мемлекеттік аппарат жұмысын жеңілдетсе, екінші жағынан, кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасалады. Ең бастысы, жергілікті атқарушы органдар кәсіпкерлермен қоян-қолтық жұмыс жасап, қолдай білулері керек. Бұл ретте облыстық кәсіпкерлер палатасы, «Атамекеннің» аудандардағы өкілдіктері әкімдіктермен бірге өзара тиімді жұмыс атқара алады.
null 

Жиында облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қайыршин, Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов өткен жыл қорытындыларына, сондай-ақ Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауына сәйкес кәсіпкерлікті дамыту бағытында алда тұрған мақсат-міндеттерге тоқталды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қолға алынған бағдарламалардың нәтижесінде 2016 жылы өңірде кәсіпкерлікті қолдауға 3,9 млрд. теңге бөлінсе, биыл 5 млрд. теңгеге жақындап, 1 млрд. теңгеге көбейіп отыр. Соның ішінде ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту айрықша назарда болмақ. Осыған орай бұл мақсатқа «Атамекен» ҰКП 300 млн. теңге бөлсе, облыс тарапынан да соншама қаржы қаралатын болады.
null 

Жиынға қатысқан кәсіпкерлер саланың дамуына кедергі келтіріп отырған кейбір түйткілді жайттарды да ортаға салып, өз ұсыныс-пікірлерін білдірді. Соның ішінде «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша өңірлік үйлестіру кеңесі арқылы қолдау тапқан жобалардың да қаржыландырусыз қалып отырғаны айтылды. 
null