Кәсіпкерлерге жер телімдерін ашық әрі тең бөлудің тәсілдері айқындалады – Жолдау

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кәсіпкерлерге жер телімдерін ашық әрі тең бөлудің тәсілдері айқындалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кәсіпкерлерге жер телімдерін ашық әрі тең бөлудің тәсілдері айқындалады – Жолдау

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында мәлім етті.

«Өнім өндіру үшін ең алдымен жер керек. Жері жоқ адам бизнеспен айналыса алмайды. Кәсіпкерлерге жер телімдерін ашық әрі тең бөлудің тиімді тәсілдері айқындалуға тиіс. Оны жыл соңына дейін әзірлеу керек. Әрбір аймақ пен елді мекенде бос жатқан немесе мақсатына сай игерілмеген жердің бар-жоғын анықтау қажет. Бұл ақпаратты бизнес өкілдері білуге тиіс», - деді Президент.

Айтуынша, аталған шаралар кәсіпкерлердің ғана емес, жалпы экнонмиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыра түседі.

Сондай-ақ, Президент Үкіметтің жұмысын сынады.