«Кәсіпкерлік қызмет саласындағы қылмыстар» атты оқу семинары өтті
Аталған семинар жұмысына ТМД-ға қатысушы-мемлекеттер мен Балтық елдерінің құзырлы органдарының өкілдері қатысты.
«Атамекен Одағы» қызметінің басты бағыты бизнес пен мемлекеттің өзара әрекеттесуін ұйымдастыру болып табылады. «Атамекен» одағы бизнес-ассоциациялармен бірлесе отырып, кәсіпкерлерді тексеру бойынша барлық нормативтік базаны жүйелеу және оны бірыңғай, түсінікті және бизнес форматына сай ашық нысанға келтіру бойынша жұмыс жасайды. Қолданыстағы заңдылықты талдау барысында кәсіпкерлерді тексеруді қарастыратын 7 кодекс, 67 заң және жалпы 120 шамасында нормативтік актілер анықталды.
Семинарға қатысушылар тарапынан Е.Никитинскаяға көптеген сұрақтар қойылды, өйткені форумдар мен көрмелерді өткізу, шетел әріптестерімен делегаттар алмасу, халықаралық іскерлік кеңестер және бірлескен кәсіпорындар құру Қазақстанның «Атамекен Одағы» Ұлттық экономикалық палатасының сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту бойынша жұмысында маңызды бағыт болып отыр.