Кәсіпкерлік қызметке мемлекеттің негізсіз араласуын тыю керек - С. Әйімбетов

АСТАНА. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат - Кәсіпкерлік қызметке мемлекеттің негізсіз араласуын тыю керек. Бүгін Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы, депутат Сейітсұлтан Әйімбетов осылай мәлім етті.

Кәсіпкерлік қызметке мемлекеттің негізсіз араласуын тыю керек - С. Әйімбетов

«Мысалы, Бәсекелестікті қорғау агенттігінің ақпараты бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін одан әрі жүргізуге арналған 5 мыңнан астам өтінішхатты қарастырған кезде 447 кәсіпорынның одан әрі қызмет жүргізуден бас тартылған. Алайда, осы уақытқа дейін 226 кәсіпорын бәсекелес ортаға берілмеген. Біздің ойымызша, қазір жүргізіліп жатқан экономика салаларын монополиялық сипаттан арылту ісі нарық субъектілерін шығындарды азайтуға, бәсекелестік артықшылықтарды арттырып, өндірісті жаңғырту үшін инвестиция салуға ынталандырар еді», - дейді С. Әйімбетов. Оның айтуынша, осыған байланысты кәсіпкерлік қызметке мемлекеттің негізсіз араласуын қысқарту жөнінде шаралар қабылдануы тиіс. Ал өз кезегінде кәсіпкерлер де өз тауарларын алға жылжыту жұмысын күшейтіп, бәсекелестік күреске араласуы қажет.