Кәсіпкерлік қызметті дамытуға тиісті лауазымды тұлғалардың бизнеске кедергі жасау фактілері анықталды

АСТАНА. 13 сәуір. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Кәсіпкерлік қызметті дамытуға тиісті лауазымды тұлғалардың тарапынан орын алған бизнеске кедергі жасау фактілері анықталды.

Кәсіпкерлік қызметті дамытуға тиісті лауазымды тұлғалардың бизнеске кедергі жасау фактілері анықталды

Бұл туралы бүгін елордада ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті.

Мәселен, ресми өкілдің атап өтуінше, Қарағанды қалалық әкімдігі кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Жазыбаев қамауға алынды. Оған «Жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында коммуналдық, жол және ауыл шаруашылығы салаларында аспалы құрылымдарды жасауды қаржыландыруды алуға көмек беру үшін кәсіпкерден 500 мың теңге пара талап етті деген айып тағылып отыр.

«Ағымдағы жылы 29 наурызда Жазыбаев 2 мың АҚШ доллары көлеміндегі параны алу кезінде ұсталды. Аталған факті бойынша қозғалған қылмыстық іс тергелуде», - деді М.Жұманбай.