Кәсіпкерлікті реттейтін барлық нормативтік құқықтық актілерге тексеру жүргізу 1 маусымға дейін аяқталуы тиіс - Мемлекет басшысы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіпкерлікті реттейтін барлық нормативтік құқықтық актілерге тексеру жүргізу 1 маусымға дейін аяқталуы тиіс. Бүгін Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай тапсырма жүктеді.
«Мен қазан айында кәсіпкерлікті реттейтін барлық нормативтік құқықтық актілерге тексеру жүргізуді тапсырған едім. Мен айтқандай, бұл жұмыстар 1 желтоқсанға дейін емес, ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін аяқталуы тиіс», - деді Н.Назарбаев.