«Кәсіпқор» желісіне бірқатар білім ордасы кіреді

АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Кәсіпқор» желісіне Астана, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалаларындағы әлемдік деңгейдегі 4 жаңа колледж, Атырау, Екібастұз,
None
None

Өскемен және Шымкент қалаларында орналасатын 4 өңіраралық орталық және мемлекеттік техникалық-кәсіптік білім беру ұйымдар санатынан 9 әріптестік колледж кіретін болады, деп хабарлады pm.kz сайты.

«Кәсіпқор» ұзақ мерзімді стратегиясы оқу орындарын білім алудың қос жүйелі бағдарламасына ауыстыруға негізделген. Бастапқы кезеңде «Кәсіпқор» холдингінің коллеждерінде білім беру үрдісі келесідей кесте бойынша құрылатын болады: оқудың 80 пайызы білім беру орнында, ал 20 пайызы өндірісте өтеді.

Оқу орындарында өндірістік циклге еліктеу қалыптастырылып, студенттерді өндірістік тәжірибеден өткізу үшін кәсіпорындармен келісімшарттар жасалады. Ілкі режімде 1-2 мамандық бойынша қос жүйеде білім беру бағдарламалары әзірленеді.

«Кәсіпқордың» жаңа колледждерінде 7 мектеп, атап айтқанда инжиниринг мектебі, сәулет және құрылыс мектебі, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар мектебі, дизайн және жобалау мектебі, агроөнеркәсіптік кешен мектебі, металлургия және машина жасау мектебі, пәнаралық мектеп (кәсіптік мектеп) жұмыс істейтін болады. Әрбір колледжде инновация және даму орталығы ашылады.

«Кәсіпқордың» жаңа колледждерін мамандандыру жалпы ішкі өнімнің 40 пайыздан астамын құрайтын экономика секторларының сұранысын тікелей қанағаттандыратынын атап өту керек.

Соңғы жаңалықтар