11:59, 04 Қараша 2017 | GMT +5
Кәсіпқой бокс: АҚШ-та Мұса Тұрсынғалиевтің айқасы өтпейтін болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та бүгінге жоспарланған қазақстандық боксшы Мұса Тұрсынғалиевтің кәсіби рингтегі дебюттік айқасы өтпейтін болды, деп хабарлайды Sports.kz.
Айқас қазақстандық боксшының қарсыласы америкалық Джемур Эдвардстың денсаулық жағдайына байланысты тоқтатылған. Бұл туралы Мұса өзінің инстаграмдағы парақшасында жазды.
«Өкінішке орай, менің айқасым болмайтын болды. Дәрігерлер салмақ өлшеу кезінде қарсыласым Джемур Эдвардстың жұдырықтасуына тыйым салды. Оған рингке шығу қауіпті болды. Бұл кәсіпқой бокс, барлығы болуы мүмкін, егер дәрігерлер оның рингке шығуына жол берсе, барлығы қайғылы аяқталатын еді. Осылай болғаны үшін кешірім сұраймын! Мені әрдайым қолдап келе жатқандарыңызға рахмет айтамын! Сіздермен бөлісетін жақсы жаңалығым бар. Барлығы алда, сәрсенбі күні бірнеше айқас үшін Мексикаға ұшамын. Сондықтан, Алға, Қазақстан!», - деді боксшы.