Кәсіпқой бокс: Айдос Ербосынұлы Канадада дебюттік жекпе-жегін өткізетін болды

«Оның қарсыласы – 35 жастағы жергілікті боксшы Тим Кронин. Айқас 10 раундқа есептелген. Жекпе-жектің өтетінін Suleimen Promotions компаниясы ресми түрде жариялады. Осылайша Айдос Ербосынұлы Канадада дебюттік жекпе-жегін өткізгелі отыр», - деп хабарлайды Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясынан.
Дәл осы күнгі бокс кешінде Жәнібек Әлімханұлы ганалық Исса Самирмен (18-0, 15КО) өзара мықтыны анықтайды. Кештің басты кездесуі жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы Артур Бетербиев (15-0, 15КО) пен қытайлық Фаньлун Мэннің (16-0, 10КО) текетіресі болмақ.
Айта кетсек, екінші орта салмақта атағы аспандап келе жатқан қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы (13-0, 9КО) Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) рейтингінде көрсеткішін едәуір жақсартқан болатын.
Басты фото: qsport.kz