Кәсіпқой бокс: Қанат Ислам жекпе-жек алдында салмақ өлшеуден өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) британдық қарсыласы Джимми Келлимен (25-2, 10 КО) салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпқой бокс: Қанат Ислам жекпе-жек алдында салмақ өлшеуден өтті

Қанат Ислам таразыда 158,8 фунт салмақ көрсетсе, оның қарсыласы – 157,4 фунтты көрсетіп, екі боксшы да орта салмақтағы лимитті (72,6 кг немесе160 фунтов) орындады.

Бұған дейін хабарланғандай , Қанат Ислам 25 ақпан күні Плант-Ситиде (Флорида штаты, АҚШ) кезекті жекпе-жегін өткізеді. Боксшылар орта салмақтағы WBO Global чемпиондық белбеуін сарапқа салатын болады.

Тартысты айқасты қазақстандықтар Нұр-Сұлтан уақытымен 26 ақпан сағат 07:00-де «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирден тамашалай алады.