Кәсіпқой бокс: Мейірім Нұрсұлтанов WBO атағын жеңіп алды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (15-0, 8 КО) Ақтауда өткен бокс кешінде ресейлік Андрей Сироткинді жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Мейірім Нұрсұлтанов Андрей Сироткинмен (19-1-1, 7 КО) орта салмақтағы бос тұрған WBO International атағы үшін жұдырықтасты. Кездесу 10 раундқа есептелген болатын. Алайда ресейлік боксшының қабағы жарылып, кездесуді әрі қарай жалғастыра алмауына байланысты жекпе-жек 5-ші раундта аяқталды.

Осылайша, Мейірім Нұрсұлтанов өзінің кәсіби бокстағы 16-шы жеңісіне қол жеткізді және WBO International атағын жеңіп алды. Мейірім әзірге жеңіліп көрген жоқ. Ал оның қарсыласы ресейлік боксшы кәсіби бокста екінші рет жеңілді.



Соңғы жаңалықтар