Кәсіпқой бокс: Мейірім Нұрсұлтановтың қарсыласы анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ол өзінің екінші кездесуін 15 сәуір күні өткізбек. Бұдан бұрын Мейірім Америкалық Обафеми Бакаремен (3-1) кездесуі керек болатын. Бірақ қарсыласы шаршы алаңға шығудан бас тартты. Енді ол мексикалық боксшы Хавьер Ольверамен (1-0, 1КО) айқасады. Кездесу АҚШ-тың Анкасвилл қаласында өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, Нұрсұлтанов алғашқы кездесуін өткен жылдың соңында АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткізіп, жергілікті боксшы Генри Бекфордты тізе бүктіріп, алғашқы жеңісіне қол жеткізген болатын.