Кәсіпқой бокс: Шүменов чемпиондық атағын қорғап қалды

АЛМАТЫ. 10 қаңтар. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - 8 қаңтар күні Шымкентте өткен кездесуде WBA және IBA тұжырымдары бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы,

Кәсіпқой бокс: Шүменов чемпиондық атағын қорғап қалды

кәсіпқой қазақ боксшысы Бейбіт Шүменов америкалық Уильям Джоппиді техникалық нокаутпен жеңді.

Барлығы 6 раундқа созылған жекпе-жекте жерлесіміз үш дүркін әлем чемпионын тізе бүктірді. Бұдан бұрын қазақ боксшысы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Юрген Бремермен жекпе-жекке шығуы тиіс еді. Жарақатына байланысты кездесуден бас тартқан оның орнын Уильям Джоппи алмастырған болатын.

Жерлесіміздің басымдығымен басталған кездесудің 5 кезеңінде америкалық нокдаун алды. Ал 6 раундта соққыға шыдамаған Джоппи кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды.