Кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин бразилиялық Джон Андерсон Карвальоны нокаутпен жеңді

АЛМАТЫ. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Германияның Нюрбург қаласында өткен кәсіпқой бокс матчында  қазақстандық  Геннадий Головкин бразилиялық Джон Андерсон Карвальоны нокаутпен жеңді,

Кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин бразилиялық Джон Андерсон Карвальоны нокаутпен жеңді

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жекпе-жекте қарағандылық былғары қолғап шебері  Бүкіләлемдік бокс одағының ( WBO) тұжырымы бойынша құрлықаралық чемпион атағына қол жеткізді. Қарсыласын 2-ші раундта нокаутқа түсірген Г. Головкин қазір    Бүкәлемдік бокс кеңесі (WBC) мен Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBА) тұжырымы бойынша үшінші, ал Бүкіләлемдік бокс одағының ( WBO) тұжырымы рейтингінде төртінші сатыда тұр.  Кәсіпқой  бокста 4 жылдан бері бақ сынап жүрген ол  бұған дейін 16 кездесу өткізіп, оның бәрінде де мерейі үстем болды ( 13-ін  нокаутпен жеңді).  Ал  Джон Андерсон Карвальоның төртініші жеңілісі.  Бұған дейін 23 кездесу өткізген бразиялық оның  19-ында (11 нокаутпен) жеңіп, үшеуінде жеңіліс тауып, біреуінде тең түскен  болатын.