Кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Германияда бразилиялық Джон Андерсон Карвальомен жекпе-жек өткізеді

АЛМАТЫ. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Шілденің 11-і күні Германияның Нюрбург қаласында  кәсіпқой боксшы қазақстандық  Геннадий Головкин бразилиялық Джон Андерсон Карвальомен жекпе-жекке шығады,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төрт жылдан бері кәсіпқой бокста бақ сынап жүрген Геннадий қазіргі таңда Германияның Гамбург қаласында  тұрады. Сәуірдің 8-інде 27 жасқа толған қарағандылық боксшының бұл 17-ші жекпе-жегі болмақ. Бұған дейін бірде-бір рет жеңілістің ащы дәмін  татпаған ол 13  кездесуді нокаутпен аяқтаған болатын.  Ең соңғы жекпе-жегін сәуірдің 25-інде Антони Гриниджбен (Anthony Greenidge ) өткізді. Қазіргі таңда ол Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) мен Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBА) тұжырымы бойынша үшінші, ал Бүкіләлемдік бокс одағының ( WBO) тұжырымы бойынша төртінші сатыда тұр. Геннадий бұған дейін американдық Аарон Митчеллмен жекпе-жек өткізеді деп жоспарланған еді. Ол WBO тұжырымы бойынша әлемдік рейтинте Г. Головкинді өкшелеп келе жатыр (5 сатыда). Қазақстандық кәсіпқой боксшының  бұл жолғы қарсыласы енді Бүкіләлемдік бокс одағының (WBO) тұжырымы бойынша 13-ші орында орналасқан Джон Андерсон Карвальо болмақ. Ол бұған дейін 23 кездесу өткізіп оның 19-ында (11 нокаутпен) жеңіп, үшеуінде жеңіліс тауып, біреуін тең аяқтаған болатын.

Соңғы жаңалықтар