Кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеев келесі айқасын вакантты титул үшін өткізетін болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеев (11-0, 6КО) 23 мамырда өтетін АҚШ-тағы айқасын вакантты титул үшін өткізетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеев келесі айқасын вакантты титул үшін өткізетін болды

«BoxRec.com ақпаратына сәйкес, аталмыш айқаста бірінші орта салмақтағы NABF чемпионының вакантты титулы тігіледі. Айқас 10 раундқа есептелген. Қазақстан уақыты бойынша жекпе-жек 24 мамыр күні таңертең өтеді», - делінген «Қазақстан кәсіпқой боксшының» желідегі парақшасында.

Еске сала кетсек, Мадияр Әшкеевтің (11-0, 6КО) келесі жекпе-жегін 23 мамыр күні АҚШ-тың Тусон қаласында (Аризона штаты) өткізетіні бұған дейін хабарланған болатын. BoxRec.com сайтының ақпаратынша, оның қарсыласы 34 жастағы америкалық Сесил Маккалла (21-3, 8КО).

30 жастағы Әшкеев соңғы рет рингке биылғы 11 қаңтарда шыққан болатын. Санта Инесте (АҚШ, Калифорния штаты) өткен кездесуде қазақстандық спортшы төрешілердің бірауызды шешімімен Пуэрто-Рико өкілі Луис Эрнандесті (16-8, 9КО) жеңген еді.