Кәсіпқой боксшы Шәріпбаевтың АҚШ-тағы жекпе-жегінің күні белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдар Шәріпбаевтің келесі жекпе-жегі 17 наурыз күні АҚШ-тың Майами қаласында өтетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әзірге жерлесіміздің кіммен жұдырықтасатыны белгісіз. Ол бүгінгі таңда Майами қаласындағы Moro's Gym дайындық орталығында жаттығу жұмыстарын жасап, қарсыласын күтуде.
Айдар Шәріпбаев кәсіпқой бокстағы мансабын 2014 жылы бастаған болатын. Бүгінгі күнге дейін барлығы төрт кездесу өткізіп, оның үшеуін уақытынан бұрын аяқтады. Соңғы жекпе-жегін 29 қазан күні Алматы төрінде мексикалық боксшы Хуан Окураға (13-9-1, 6 KO) қарсы өткізді.
Майамидегі жекпе-жек қазақстандық боксшының АҚШ-тағы алғашқы кездесуі болмақ. Осыған дейін Шәріпбаев бір айқасын Доминикан елінде және үшеуін Алматы мен Астана қалаларында өткізген болатын.