Кәсіпқой велоспортшылардың «Алматы велотурында» екі жүлделі орын мен «Ең үздік спринтер» атағын Қазақстан құрамасы шабандоздары иеленді

АЛМАТЫ. 6 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда кәсіпқой велошабандоздардың Халықаралық велисепедшілер одағы мақұлдаған 186 шақырымдық «Алматы велотуры» өз мәресіне жетті.
None
None

Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Ресей, Иран, Австрия, Брунел, Украина, Латвия, Польша, Ирландия, Франция, Нидерланды, АҚШ елдерінен қатысқан 20 командадағы 109 спортшының арасынан Қазақстан ұлттық құрамасынан Максим Иглинский мәре сызығын бірінші боп кесіп өтіп, жарыс жеңімпазы атанды. Ал Италияның «BARDIANI VALVOLEe - CSF INOX» кәсіпқой құрлықтық командасынан Сони Кол Брилли күміс, Қазақстан ұлттық құрамасынан Руслан Тілеубаев қола жүлдегер және Қазақстан ұлттық құрамасының тағы бір мүшесі Александр Луциенко «Ең үздік спринтер» атағын иеленді.

Соңғы жаңалықтар