14:23, 06 Қазан 2013 | GMT +5
Кәсіпқой велоспортшылардың Орталық Азия аймағындағы тұңғыш велотурында Максим Иглинский жеңімпаз атанды
АЛМАТЫ. 6 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда кәсіпқой велошабандоздардың 186 шақырымдық «Алматы велотурында» қазақстандық Максим Иглинский жеңімпаз атанды.

Жүлде қоры 39 900 еуроны құрайтын бұл додада Қазақстан ұлттық құрамасының намысын қорғаған М. Иглинский 15 мың евроға ие болды. Оған жарыс қожайындарынан басқа Өзбекстан, Әзірбайжан, Ресей, Иран, Австрия, Брунел, Украина, Латвия, Польша, Ирландия, Франция, Нидерланды, АҚШ елдерінен 11 құрлықтық, 4 ұлттық, 3 кәсіпқой құрлықтық, 1 аймақтық, 1 клубтық команда қатысқан болатын.