Кәсіподақтар федерациясы ХХІІ съезінің делегаттары Мәжілісте болады

АСТАНА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Астанаға Кәсіподақтар федерациясының кезекті ХХІІ съезіне қатысуға келген делегаттар ертең, маусымның 2-сінде Қазақстан Республикасының Парламентінде болады. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Кәсіподақ делегаттарын палатаның вице-спикері Владимир Бобров және әлеуметтік-мәдени даму, экономикалық реформа және аймақтық даму комитеттерінің мүшелері қабылдайды.

Кездесу барысында экономиканы дамытуға және әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге қатысты мәселелерді талқылау жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар