Кәсіпорындар мен мекемелердің тауар сатып алу көлемі 20 млрд. долларға жетеді ? В.Школьник
ҚОСТАНАЙ. Сәуірдің 3-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Отандық өндірушілерді қолдау мәселесі жөніндегі бүгін өткен аймақтық мәжілісте ҚР Индустрия және сауда министрі В.Школьник Қазақстанда тауар мен қызметті сатып алудың көлемдік санын жария етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Министрдің сөзіне қарағанда, ол баламалық тұрғыдан алғанда 20 млрд. АҚШ долларын құрап отыр. «Біз сатып алуда қазақстандық тауарлар мен қызметтер көлемін арттырумен жүйелі түрде айналысып келеміз, бұл дағдарыстан алып шығатын басты жолдардың бірі. Тауарлар мен қызмет түрлерін сатып алуға жұмсалатын көп қаржының үлкен бөлігі қазақстандық өндірушілерге түсуі қажет» - дейді, В.Школьник.
Министрдің пікірі бойынша, бүгінгі басты міндеттің бірі «мемлекеттік сатып алуда не болып жатқанын көзбен көру және біздің компаниялардың не нәрсеге икемді екендіктерін түсіну». Сатып алу қызметі үнемі мониторингтік режімде жұмыс жасайтын бірнеше кәсіпорындардың тізімі жасалды. Қазақстандағы 97 жүйе қалыптастыратын кәсіпорынның ішінде қазақстандық тауварлар үлесін көбейту жөніндегі меморандумға қол қойған компаниялар саны 34-ке жетті. Аталған кәсіпорындар 213,3 млрд. теңгеге келісімшарт жасасты. Сондай-ақ министр тауардың шығу тегін анықтайтын арнайы ереженің бекітілгенін жеткізді. В.Школьник қазақстандық тауарларға сертификат беру «шенеуніктер үшін астауға» айналып кетпеуі тиіс: «Бұл рәсім ашық, жұртшылық пен БАҚ үшін түсінікті болады», деп атап өтті.