Кәсіпорындардың жүктемесін алдағы 2 жылда өз қуатына жеткізуге барынша тырысамыз - Әсет Исекешев

Бұл туралы Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев бүгін Алматыда индустрияландыру картасындағы жобалармен танысу кезінде айтты.
«2010-2014 жылға арналған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына Алматы қаласынан 28 жоба енген болатын. Әсет Исекешевтің айтуынша, 2010 жылы іске қосылған 4 жоба 50 пайыздан астам, 2011 жылы іске қосылған 9 жобаның төртеуі 50 пайыздан астам, ал бесеуінің жүктемесі бұдан да төмен болып отыр. Оны Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі өзінің әдістемесі арқылы жасаған сараптама арқылы анықтаған.
«Бұл әдістеме «Технологиялық күрделік деңгейі» деп аталады. Онда технологиялық күрделілік, өңдеу тереңдігі, қосымша құн, энергиялық сиымдылық сияқты өзге де өлшемдер ескерілді. Мұнда негізгі мәселе жобалардың өңдеу тереңдігі болып отыр. Алматыдағы 28 жобаның алтауы технологиялық күрделіліктің үшінші деңгейінде, ал 22-сі төртінші-бесінші деңгейдегі жобалар», - дейді Әсет Орынтайұлы.