Кәсіпорындарға шикізат сатып алу үшін жеңілдетілген несие беріледі
«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2022-2026 жылдарға арналған Ұлттық жоба шеңберінде азық-түлік және қайта өңдеу өнеркәсібі бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі жаңа шаралар ретінде келесілерді қарастыруда. Атап айтқанда, шикізат сатып алуға жеңілдетілген несие беріледі. Одан бөлек форвардтық сатып алу құралын дамыту (оның ішінде мемлекеттік сатып алу кезінде отандық азық-түлік тауарларының оффтейк-келісімшарттары арқылы) көзделген. Қайта өңдеу кәсіпорындары құрылып, кеңейтіледі. Сапасыз арзан импортқа қарсы күрес үшін мүдделі уәкілетті органдардың (ИСМ, ДСМ, АШМ) өзара іс-қимылын күшейтіп, заманауи сапа стандарттарын әзірлеу керек», - деді ол.
Оның айтуынша жалпы, жүргізіліп жатқан шаралар биыл өңдеу өнеркәсібінің өсімін қамтамасыз етіп, индустриялық саясаттың тиімді іске асырылуына елеулі ықпал етуі тиіс.