Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері бойынша біліктілікті беру қағидалары бекітілді

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы
Астана қаласы 2012 жылдың 18 маусымынан, №281
Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері (мамандықтар) бойынша біліктілікті беру қағидаларын бекіту туралы
«Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 20) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері (мамандықтар) бойынша біліктілікті беру қағидалары бекітілсін.
2. «Техникалық және қызмет көрсететiн еңбек кәсiптерi (мамандықтар) бойынша кәсiптiк даярлық деңгейiн растау және бiлiктiлiктi беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 595 бұйрығының (Нормативтік- құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5035 тіркелген, «Заң газетінің» 2008 жылғы 4 қаңтардағы № 1 (1401) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Техникалық және кәсiптiк бiлiм департаментi (Қ.Қ. Бөрiбеков):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр С.Б. Шаяхметовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр Б.ЖҰМАҒҰЛОВ.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің
2012 жылғы 18 маусымдағы №281 бұйрығымен бекітілген.
Құжат мәтіні республикалық БАҚ-тарда жарияланды.