Кәсіптік оқу орны өз түлектерін түгелдей жұмыспен қамтамасыз етпек

АЛМАТЫ. Маусымның 19-ы. ҚазАқпарат /Жанар Шағалақова/ - Біздің дайындаған мамандарымыздың ешқайсысы жұмыссыз қалмайды, деді №8 кәсіптік лицейдің директоры Айтбек Сәрсенғалиев оқу орны түлектерінің диплом алу салтанатында,

Кәсіптік оқу орны өз түлектерін түгелдей жұмыспен  қамтамасыз етпек
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Биыл бұл білім ордасын 7 мамандық саласы бойынша 150 түлек бітіріп отыр. Айтбек Айтбайұлының айтуынша, олар енді өздері бұған дейін өндірістік тәжірибеден өткен Алматы қаласы мен Жетісу ауданының әкімшіліктерінде және Мемлекеттік орталық мұражайда жұмыс істейтін болды. "Бұрын біз мамандықтың 9 түрі бойынша талапкерлер қабылдайтынбыз. Қазіргі таңда оның саны екі есе ұлғайып отыр. Бұл нарық талабы бойынша жасалуда. Мәселен, соңғы жылдары біздің оқу орнында дайындалатын мамандықтар тізбесіне "Гүл өсіру", "Сәнді киім тігу", "Тоқыма өнері" еніп отыр. Биыл біз өз түлектерміздің диплом алу кешін Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрында салтанатты жағдайда атап өтуді жөн санадық", дейді лицейдің директоры А. Сәрсенғалиев. Бұл шараға оқу орнының ұстаздары мен жас мамандарды жұмысқа алғалы отырған мекемелерден және "Нұр Отан" халықтық -демократиялық партиясының өкілдері қатысты.