Қасқабас тауынан түсіп бара жатқан туристер белгісіз жануардың даусын естіген

ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Алматы облысындағы Қасқабас тауынан түсіп бара жатқан туристер белгісіз жануардың даусын естіген.

Туристер
Фото: ТЖМ

Олар қорыққандарынан, құтқарушыларға хабар берген.

«Алматы облысының Қарасай ауданында 18-19 жас аралығындағы үш турист Қасқабас тауынан түсіп бара жатқан кезде қандай да бір ірі жануардың дауысын естіп, өз қауіпсіздіктеріне алаңдап, құтқарушылардың көмегіне жүгінді.

Тәуліктің қараңғы мезгіліне және байланыстың нашарлығына қарамастан, Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы кинологиялық есептеудің көмегімен туристерді Проходное шатқалында тауып алып, қауіпсіз жерге алып барды», — деп жазды ТЖМ-нан.

Жігіттер медициналық көмекке мұқтаж емес.

Айта кетейік, Алматы тауларында қар барысы, Тянь-Шань қоңыр аюы, тас суыр және Түркістан сілеусіні кездеседі.