20:07, 14 Қаңтар 2025 | GMT +5
Қаскелең қаласының базарындағы өрт сөндірілді
ҚОНАЕВ. KAZINFORM - Алматы облысы Қаскелең қаласының базарынан шыққан өрт сөндірілді.

Алматы облысы ТЖД мәліметіне сәйкес, тілсіз жау туралы қоңырау 15:44-те түсті. Ал 15:49-да оқиға орнында жеткен алғашқы ТЖД бригадасы құрылыс заттары сақталған қойманың өртенгенін анықтаған. Кейін оқиға орнында өрт сөндіру жедел штабы ұйымдастырылған.
Барлығы облыстан 48 құтқарушы мен 48 бірлік техника, Алматы қаласынан 8 адам мен 2 бірлік техника жұмылдырылды.
- Қабылданған шаралардың арқасында 18:23-те 500 шаршы метр алаңды шарпыған от сөндірілді, - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысы Қаскелең қаласындағы базардан өрт шыққанын жазған едік.