Қаскелең шатқалында орман өртеніп жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы облысындағы Қаскелең шатқалында жеке меншік жер учаскесінен мемлекеттік орман қоры аумағына тараған өрт оқшауланды, деп хабарлайды Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі.

Бір аптада 12 орман өрті: Қазақстанда өрт қаупі жоғары болып тұр
Фото: Экология министрлігі

28 қазанда Ақсай филиалына қарасты Қаскелең орманшылығы аумағында орман өрті тіркелген.

Өрт ұлттық парк аумағында орнатылған орман өрттерін ерте анықтау жүйесі арқылы сағат 13:14-те байқалған.

Таулы жер бедері мен өрт ошағына техниканың жетуі қиын болғандықтан, өрт сөндіру жұмыстары сағат 14:00-де басталды.

– Жеке меншік жер учаскесінен мемлекеттік орман қоры аумағына таралған өртті сөндіруге 43 адам мен 10 бірлік техника жұмылдырылды, – деп хабарлады ұлттық парк.

Өрт сол күні сағат 16:50-де оқшауланды.

Ұлттық парк мамандарының мәліметінше, өртті ерте анықтау жүйесінің жедел хабарлауы мен тиісті қызметтердің үйлесімді әрекеті жалынның таралуын дер кезінде тоқтатуға мүмкіндік берген.

Айта кетейік, бұған дейін Іле-Алатауы ұлттық паркінде шыққан өртті сөндіруге тікұшақ тартылған еді. 2025 жылғы 25 қарашада болған өрт шамамен 1,7 гектар аумақты шарпып, оқшауланған болатын.