11:28, 31 Шілде 2018 | GMT +5
Қаскелеңдегі бала сату: анасынан басқалары кепілмен босатылды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Қаскелеңдегі ауруханада жаңа туған нәрестені сатпақ және сатып алмақ болғандар кепілмен босатылды. Аталған фактіні облыстық ІІД баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Соттың шешімімен нәрестенің анасынан басқалары кепілмен босатылды. Бірақ осы факті бойынша қанша күдіктінің тергеліп жатқанын жария ете алмаймыз», - деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Сергей Незнаев.
Биресми мәлімет бойынша нәрестені сатып алмақ болған отбасы өкілі кепілмен бостандыққа шығу үшін 12 млн теңге несие алған. Ал нәрестенің туған анасы 20 жастағы әйел.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысында жаңа туған шақалақты ақшаға айырбастап жатқан жерінен қылмыстық топ ұсталған болатын. Полицейлер Қаскелеңдегі ауруханада болып жатқан сұмдық жәйттің үстінен түскен. Қазір осы факті бойынша ҚР ҚК 135 бабының 2 бөлігі бойынша тергеу жалғасуда.