Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қаскөй Лос-Анджелестегі Hollywood жазуын Hollyweed деп өзгерткен

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаскөй Лос-Анджелестегі төбелердің бірінде орналасқан Hollywood ("Голливуд") жазуын Hollyweed деп өзгерткен, деп жазады  Лайф.ру.

Қаскөй Лос-Анджелестегі Hollywood жазуын Hollyweed деп өзгерткен

CBS телеарнасы хабарлағандай, белгісіз ер адам жаңа жыл күні түн ауа Маунт-Ли төбешігіндегі жабық аймаққа кіріп, жазуды өзгерткен. Брезент жапқыштардың көмегімен ол екі «О» әрпін «Е» әрпіне айналдырып жіберген. Осылайша "Голливуд" сөзі «Қасиетті марихуанна» деген сөзге айналып шыға келген.

Ертесіне сағат 11-лер шамасында жазу қалпына келтірілді.