Қаскөйлер ұрланған бизнесменді табытта ұстаған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеулік құқық қорғау органдары бизнесменді ұрлап, оны босату үшін 7 млн рубль көлемінде ақша талап еткен қаскөйлерді қолға түсірді.
None
None

Олар ұрланған ер адамды табытта ұстаған. Арам ойлыларды Ресей ІІМ қылмыстық іздеу Бас басқармасының қызметкерлері ІІБ қылмыстық іздеу бөлімімен бірлесіп қолға түсірді.

Бизнесменді босату үшін олар 7 миллион рубль талап еткен. Адам ұрланғаны жөнінде полиция осы ақшаның 5 миллионы берілгеннен кейін ғана білген. Ұсталғандардың екеуі бұрын сотталған болып шықты.

Фото: Depositphotos.com

Соңғы жаңалықтар