Қаскүнемдер тіректен металл ұрлау кезінде зардап шекті
деп хабарлады «KEGOC» АҚ Сарыбай ЖЭТ бас инженері Василий Леднев.
Жедел көмекке келген дәрігерлер ауыр жарақат алушының темір құрсаудан босанғанын күтті. Металл бұрыштамалар оның аяғын қысып қалып, тобық сүйегін кесіп өткен. Қалған екеуінің ізіне түскен полицейлер қылмыстың ізін суытпай, оларды да ұстады.
«Қазақстан-Урал» учаскесіндегі электр энергиясы тасымалы №178 тірегі құлап, тоқтан ажырағаннан кейін басқа торап - «Қостанай - Сокол» 509-6 Л іске қосу арқылы жүзеге асырылуда. «Урал - Қазақстан - Сібір» бағыты бойынша қуат ағыны 850 МВт деңгейінде сақталып отыр.
Қазіргі уақытта «KEGOC» АҚ-ның апатты жөндеу бригадасы жоғары жиілікті кернеуі 1150 болатын "Барнаул-Екібастұз-Көкшетау-Қостанай-Челябі" электр жеткізу желісінде қолданылатын V-үлгісіндегі ПОГ 1150-5 типті (биіктігі 46 м., салмағы -22 тонна) металл тірегін ауыстыру жұмыстарын жүргізуде. Желінің жалпы ұзындығы - 1900 шақырым, ал қазақстандық учаскесінің ұзындығы 1400 шақырым.
Электр энергетикасы нысандарында жасалатын қылмысты істердің алдын алу және қылмыскерлерді жазалау шаралары аясында ұрланған металл бұйымдары мен электр жабдықтарын қара және түсті металдарды қабылдау пункттерінде заңсыз сатып алу жағдайлары анықталуда. Ұрлық жасаған адамдарға сот шешімі қабылданғанға дейін қылмыстық іс қозғалады. Бұл қылмыстық іс ұрлық ретінде тексеріледі.
Мәселен, 2008 жылы Ақмола облысында жоғары вольтті электр жеткізу желілерінің тіректерінен металл бұрыштамаларын ұрлау ісі бойынша сотталған бірнеше адамды ҚР Қылмыстық Кодексінің 175 бабына сәйкес 3 жыл бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды.