Қасқыр талаған әйелге антирабикалық вакцина салынды – Қостанай

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қасқыр талаған 29 жастағы келіншек Жангелдин аудандық орталықтандырылған ауруханасына жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жилкибаеваға сілтеме жасап.

Қасқыр талаған әйелге антирабикалық вакцина салынды – Қостанай

«Қазір ол аудандық аурухана дәрігерлерінің қарауында. Жағдайы бірқалыпты. Хирургтың тексеруінен өтті, хирургиялық көмек қажет етпейді. Қасқыр қарын тұсынан тістеген. Емделушіге антирабикалық вакцина салынды. Вакцина жануарлардың тістеуі­нен зардап шеккен тұл­ғаларға құтыруға қарсы пайдаланылады», - дейді Ксения Жилкибаева.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, оқиға Жанкелдин ауданының Ақкөл ауылы маңындағы малшы қыстағында болған.

Түз тағысының келіншекті құтқаруға келген күйеуіне де шабуыл жасағаны белгілі болды. Ер адам ат үстінде болған.