Қасқырлар бұғыларды қырып жатыр

АСТАНА. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қасқырлар желтоқсан айының ішінде Якутияда 500-ден астам бұғыны қырып салды.

Қасқырлар бұғыларды қырып жатыр

Республиканың аңшылық шаруашылығы департаментінің мәліметтеріне қарағанда, Якутияда қасқырлар ауыл шаруашылығына айтарлықтай залал келтіруде. Ағымдағы жыл басынан бері қасқырлар 8,6 мың үй бұғысы мен 225 жылқыны өлтірген.

Якутияда қасқырлармен күрес жүргізу үшін аң аулау бригадалары құрылуда. Билік басындағылар 2014 жылы қасқырлардың санын реттеуге 34 млн. рубль қаржы бөлуді жоспарлап отыр, деп хабарлады Росбалт.