«Касперский» антивирустық компаниясы жаңа өнімінің тұсаукесерін өткізді
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Компанияның аймақтық сауда бөлімінің директоры Василий Диягелев қазіргі уақытта сандық технология күнделікті өмірге етене еніп, оның ажырамас бөлігіне айналғанын айтады. «Ғаламтор жұмысы жеделдетіліп, арзандауына байланысты бізге электронды пошта және тағы басқа блогтарсыз жұмыс істеу қиындау. Желіде жұмыс істеу жылдан-жылға дамыған сайын онда вирустар да көптеп орын алуда. Кейде сол вирусардың әсерінен компьютерімізде жинақталған көптеген дүниелер жоғалып кетіп жатады. Міне осы тұрғыда біздің компания желіні тұтас қорғаудың соңғы үлгісі «Касперский кристалды» ұсынып отыр. Бұл нұсқа басқа антивирустардан бірнеше инновациялық технологиясымен ерекшеленеді», дейді В.Диягелев.
Оның айтуынша,антивирустың бұл үлгісі компьютердегі маңызды файлдарды вирустардың әсерінен жоғалтпас үшін автоматты түрде құжаттардың көшірмесін сақтап, қайта қалпына келтіре алады.
Қазіргі таңда ресейлік бұл компания копьютерді қатерлі бағдарламалар мен хакерлік әр түрлі вирустардан қорғайтын өнім шығару жағынан бүкіл дүниежүзіне танымал және осындай өнім шығаратын әлемнің жетекші компанияларының арасында төртінші орынға ие.
Орталық кеңсесі Мәскеуде орналасқан аталмыш компанияның бес штаб-пәтері бар. Сонымен қатар әлемнің 100-ден аса елінде серіктестік желісін орнатқан және компания өнімі мен технлогиясын пайдаланудағы тұтынушылардың саны 300 миллионға жуықтаған.
«Касперский зертханасына» 13 жыл толды. Компанияның басты құндылығы - жоғары білгірлік пен ондаған жыл бойы вируспен, басқа да компьтерлік қатерлермен күресудегі жинақталған мол тәжірибе. Біз ылғида вирустардың өзектілігін сараптап, қатерлі бағдарламалардың даму жолын айқындауды үйрендік. Сондықтан да бірнеше рет өз тұтынушыларымызды жаңадан шыққан әр түрлі вирустық шабуылдардан қорғайтын сенімді өнімдермен қамтамасыз еттік», дейді Василий Диягелев.