16:11, 28 Сәуір 2011 | GMT +5
Касперский ұлын аман-есен босатып алғаны үшін ІІББ мен ФҚҚ-ға алғыс айтты
АСТАНА. 28 сәуір. ҚазАқпарат - Евгений Касперский 19 сәуірде ұрланған ұлы Иван Касперскийді аман-есен босатып алғаны үшін ІІББ мен ФҚҚ-ға (ФСБ) алғыс айтты, деп хабарлайды РСН.

Бағдарламашы, әрі бизнесмен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби шеберлігіне таңданыс білдірді. «Құқық қорғаушылар өте сауатты әрекет етті, осы қылмысты ашып, мүлт кете қоймайтын қаскүнемдерді тауып алу - бұл дегеніңіз ғажап!», - деп атап өтті «Касперский зертханасының» негізін салушы.
20 жасар Иван Касперскийді 19 сәуір күні ұрлап әкеткенін еске саламыз. 24 сәуір күні ол босатылды. Операция барысында оқ атылған жоқ, полиция бес ұрыны қолға түсірді. Олардың арасында қылмысты ұйымдастырғандар да бар. Бандаларға құн төленген жоқ.