20:41, 26 Мамыр 2009 | GMT +5
Kaspi bank сұлулық индустриясын қаржыландырады
АЛМАТЫ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Mon Amie» косметикалық дүкендер желісі kaspi bank-тен 20 миллионнан астам доллардың несие желісін ашты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бұл қаражатты «Mon Amie» республикадағы дүкендер желісін 2 есе ұлғайту үшін жұмсамақ. Қазіргі таңда оның 15 дүкені бар. 2011 жылға қарай олардың саны 40-қа дейін ұлғаяды деп жоспарланып отыр. «Статистика бойынша 2008 жылы Қазақстанда бөлшек сауда желісі 20-30 пайызға төмендеген. Алайда «Mon Amie» косметика дүкендерінде сауда керісінше 10 пайызға дейін өсті», дейді бас директор Ербол Боранбаев. Kaspi bank Ббсқарма төрағасы Михаил Ломтадзенің айтуынша, олардың несие саясаты қарапайым қазақстандықтардың тұтынуына бағытталған. Сол себепті елде парфюмерлік-косметикалық дүкендер желісінде №1 болуға ұмтылған «Mon Amie» фирмасын қаржыландырып жатқанына өздері де ризашылық білдіреді.