Кaspi bank тәуекел менеджментін күшейту үшін жаңа технологиялар енгізуде
АЛМАТЫ. Қарашаның 17-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кaspi bank несие тәуекелдерін бағалау, олардың сәйкестігін, несие қоржыны мен деректер базасын талдау мониторингін бақылаған кезде ішкі үлгілердің тиімділігін арттыру үшін жаңа құрал-жабдықтар алды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бөлшек бизнесті дамыту - біздің стратегиялық басымдығымыз. Ал ол алдыңғы қатарлы технологияларды дұрыс пайдаланғанда ғана мүмкін болады. Олар қазақстандықтарға әлемдік сападағы өнімдерді бере отырып, тәуекелдерді белсенді түрде бақылауымызға мүмкіндік береді. Біз бағдарламалық қамсыздандырудың түрлі жеткізушілерінің мүмкіндіктерін ұзақ талдағаннан кейін SAS тұғырнамасын таңдадық. Оны сатып алуымыздың негізгі себебі SAS-тың жоғары беделі мен шешу кешенділігі болды», дейді kaspi bank Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе. Оның айтуынша, бұл жобаны «ГлоуБайт Консалтинг» компаниясы жүзеге асырды. Бірнеше жылдар бойы тәуекел-менеджменті мен клиенттік талдау мәселелерінде SAS өнімдерін қолдануға мамандандырылған бұл компания бағдарламалық қамсыздандыру саласындағы әлемдік жетекші компанияның ТМД аймағындағы күміс серіктесі саналады.