Kaspi bank Жеңіс күні кұрметіне ардагер-салымшыларға 5 мың теңгеден үлестіреді

АЛМАТЫ. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Kaspi bank Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысына қатысқан барлық ардагер-салымшыға 5 мың теңгеден таратпақ.
None
None

Қаржы институтының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, дәстүрлі шара барысында материалдық көмек банк бөлімшелерінде табыс етілетін болады. Банкке келе алмаған ардагерлерге ақшаны "Kaspi bank" АҚ-ның қызметкерлері үйлеріне барып тапсырады.

Ардагер салымшыларға бөлінген қаражаттың жалпы көлемі 25 млн. теңгені құрайды.

Соңғы жаңалықтар