«Kaspi», «Kazakhmys» - СҚО-да тасқыннан зардап шеккендердің үйлерін кім салып береді

сүрілді
Фото: Маңғыстау өңірлік коммуникация орталығы

АСТАНА. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы Серік Ғайсин Солтүстік Қазақстан облысында тасқынның салдарын жою шаралары қалай ұйымдастырылып жатқанын айтты.

«Өңірде 3 898 үйді су алған, қазір соның 2830-ы әлі суда тұр. Барлығы 14 388 адам қауіпсіз жерге көшірілген болатын. Қазір 5 567-сі үйлеріне қайтып барды. 8 821 адам әлі баспанасына кірген жоқ. Тасқыннан зардап шеккендерге көмек беру жөніндегі арнайы комиссияларға 3 897 өтініш түскен. 3 443 отбасы 100 АЕК (369 200 теңге – ред.) көлеміндегі бір реттік көмек алды, төленген ақшаның жалпы сомасы 1 млрд 271 млн теңгеге жетті. Қазірге дейін өңірде 390 үй тексеріліп, 148 үйді бағалау жүргізілді. Оның 23-і қайта жөндеуге жарамды, 7-уі жарамсыз деп танылды», - -деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Сондай-ақ, әкімдік өкілі Петропавл қаласындағы Солнечный-2 шағын ауданына ерекше тоқталды.

«Солнечный-2 шағын ауданында тасқыннан зардап шеккендерге үй салынып жатыр. 10 жергілікті құрылыс компаниясы «Қазақстан халқына» қорының қаражатына 100 үй салып жатыр. Сондай-ақ, «Kaspi» акционерлік қоғамы 300 үй, «Kazakhmys» корпорациясы 100 үй салып жатыр. Шағын ауданда 500 үй жаңадан салынады», - деді Серік Ғайсин.

Соңғы жаңалықтар