Kaspi.kz-тің дербес AI-көмекшісі Kasper-ді бір миллион клиент пайдаланды

АСТАНА. KAZINFORM — Михаил Ломтадзе сервистің алғашқы нәтижелері туралы айтып, клиенттердің оны қайта пайдалануы неліктен команда үшін басты көрсеткіш екенін түсіндірді

Kaspi.kz-тің дербес AI-көмекшісі Kasper-ді бір миллион клиент пайдаланды
Фото: Kaspi.kz

1 шілдеде іске қосылғаннан бері Kasper дербес AI-көмекшісін бір миллион клиент пайдаланды. Бұл туралы Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе Kazakhstan Growth Forum-да айтты.

Kasper Kaspi Магазинде сауда жасауға көмектеседі. Көмекшіге өз міндетіңізді қарапайым сөздермен түсіндіруге болады. Мысалы, сыйлық таңдауды немесе қажетті техниканы табуды сұрай аласыз. Ол клиенттің қажеттіліктерін нақтылап, тауарларды салыстырады және олардың сипаттамаларын түсінікті тілмен түсіндіреді.

Алғашқы нәтижелерге тоқталған Ломтадзе клиенттердің сервисті қайта пайдалануына ерекше мән берді.

— Оны бір миллион клиент пайдаланғанымен қатар, көптеген клиент күн сайын қайта оралып, сервисті пайдалануды жалғастырып жатыр. Бұл — біз үшін ең маңызды көрсеткіш, — деді Ломтадзе.

Kaspi.kz-тің дербес AI-көмекшісі Kasper-ді бір миллион клиент пайдаланды
Фото: Kaspi.kz

Оның айтуынша, адамдардың қалыптасқан әдетін өзгертетін жаңа өнімді бағалау кезінде қайта пайдалану көрсеткіші айрықша маңызды. Егер клиенттер сервиске қайта оралмаса, команда қабылдаған шешімдерін қайта қарап, өнімге өзгерістер енгізуі қажет.

Алдағы уақытта компания Kasper-дің мүмкіндіктерін кеңейтіп, оның клиенттердің басқа да күнделікті міндеттерін шешуге көмектесуін жоспарлап отыр.