Каспий балықтары вирусқа тексеріле бастады
Министрдің айтуынша, зерттеу жұмыстары әзірге ешқандай нәтиже берген жоқ. Сондай-ақ ол тікенді балықтардың жаппай ауру жұқтырып жатқанын жоққа шығарып отыр. Багировтың пікірінше, қазіргі кезде Каспий теңізінің басты проблемасы оның биоресурстарының жойылып бара жатқанымен тығыз байланысты.
«Президент Ильхам Әлиев Каспийдің мәртебесі бойынша саммитте бекіре тұқымдас балықтарды өндірістік мақсатта аулауға қатысты моратироийді құптады. Алайда, Каспий бассейні елдері аталған мәселеге қатысты келіссөздер жүргізіп келе жатқанымен, әзірге нәтиже бермей тұр. Әзірбайжан аталмыш мораторийдің шарттарын біржақты ұстанып келеді», - деді ол.
Еске салсақ, бұған дейін Мазандаран провинциясының Ветеринарлық басқармасының бастығы Меджид Бахтияри «каспий тікенді балығы вирус жұқтырып жатыр, сондықтан балықтың бұл түрін тұтыну денсаулыққа зиянды» деп мәлімдеген болатын.