Каспий бойы елдерінің шекара қызметтері бірлескен жаттығу өткізеді

БАКУ. 18 қараша. ҚазАқпарат /Берік Хамидов/ - Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей, Түрікменстан және Иран елдерінің шекара қызметтері бірлескен жаттығу өткізеді.

Каспий бойы елдерінің шекара қызметтері бірлескен жаттығу өткізеді

Бұл туралы бүгін журналистерге Бакуде Ресей Федералды қауіпсіздік қызметі Аймақтық шекара басқармасының бастығы, генерал-полковник Николай Лисинский мәлім етті.

«Осы мәселе бойынша алдағы уақытта Мәскеуде бес елдің шекара ведомстволары басшыларының қатысуымен келіссөздер өтпек. Біз Әзірбайжанмен екіжақты қарым-қатынастар форматына шығып, осы жаттығуға Қазақстан, Түрікменстан және Иран елдерін тартуға мүдделіміз», - деді Н.Лисинский.