08:54, 21 Ақпан 2016 | GMT +5
Каспий флотилиясының жауынгерлік кемелері 2016 жылы Қазақстанда, Иранда және Әзербайжанда болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Каспий флотилиясының жауынгерлік кемелері 2016 жылы Иран, Қазақстан және Әзербайжан порттарында болады. Бұл туралы Каспий флотилиясының қолбасшысы, контр-адмирал Игорь Осипов мәлім етті, деп хабарлады RT.ru порталы.

«Жылдың екінші жартысында жауынгерлік кемелер жасақтары Иран Ислам Республикасының Бендер-Энзели, Қазақстан Республикасының Ақтау, сондай-ақ Әзербайжан Республикасының Баку порттарында болып, халықаралық «Адекс-2016» әскери-теңіз көрмесіне қатысады», деп Осиповтың сөздерін келтірген РИА Новости
Сондай-ақ биылғы жылы флотилия халықаралық қазақстандық-ресейлік әскери-теңіз жаттығуларына және «Кавказ-2016» командалық-штабтық стратегиялық жаттығуына қатысады.