«Каспий» футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалды
АСТАНА. KAZINFORM — Жанкүйерлерге жақсы таныс маман Руслан Эсатов қайтадан «Каспий» (Ақтау) командасы тізгінін ұстады. Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Руслан Эсатов 1984 жылы 31 қазанда дүниеге келген. Футболшы мансабында 2004-2019 жылдар аралығында «Жамбыл», «Тараз», «Горняк» (Хромтау), «Каспий» (Ақтау), «Асбест» (Қостанай облысы), «Лашын» (Жамбыл облысы), «Қайсар» (Қызылорда), «Жетісу» (Талдықорған), «Атырау», «Мақтарал» (Түркістан облысы) командаларында ойнады.
2019 жылдан бері бапкерлік қызметінде «Мақтарал», «Тараз-Қаратау» клубтарының тізгінін ұстаған еді.
Руслан Эсатовтың жетекшілігімен өткен маусымда «Каспий» Бірінші лига чемпионы атанып, Премьер-лигаға жолдама алды.
Ал Асхат Құсайынов «Каспийдің» бас бапкердің көмекшісі қызметіне қосылды.
Айта кетсек, бұдан бұрын ақтаулық клубта бас бапкер қызметін атқарған Ерлан Шойтымов енді Павлодардың «Ертіс» командасына жетекшілік жасайды.