«Каспий» футбол клубына жаңа басшы тағайындалды

Каспий футбол клубы
Фото: Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы

АҚТАУ. KAZINFORM – Маңғыстаулық «Каспий» футбол клубының басшысы ауысты. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты ұжымды енді Нұржан Жалғасбаев басқарады.

Нұржан Жармедетұлы 1983 жылы 9 наурызда дүниеге келген. 2004 жылы Қазақ гуманитарлық Заң университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған. 2010 жылы Қазақ иновациялық-гуманитарлық Заң университетін «Экономика» мамандығы бойынша аяқтады.

- 2004-2011 жылдары ҚР Ішкі істер органдарында және әскери қарулы күштерінде қызмет атқарған;

- 2011-2015 жылдар аралығында «Қазақстан спорттық технологиясы» ЖШС-де бас менеджер;

- 2015 жылы ««Қайсар» кәсіби футбол клубы» бас директоры;

- 2013-2014 жылдар аралығында «Бипэк Лизинг» ЖШС-нің коммерциялық директоры қызметін атқарды;

- 2016-2017 жылдар аралығында «ТЭК – Казахстан» ЖШС-де директор;

- 2018-2020 жылдар аралығында «Алатау Плаза» ЖШС-нің директоры;

- 2021-2023 жылдар аралығында «Боксинг Лига» ЖШС-нің атқарушы директоры;

- 2023 жылдан қазірге дейін «Каспий» футбол клубы басшысының уақытша міндетін атқарушы қызметінде болды.

«Каспий» ФК қазіргі уақытта елімізідң 1 лигасында өнер көрсетеді. Өткен Қазақстан Премьер лигасында соңғы орындардың біріне тұрақтап, чемпионаттан шығып қалған болатын.

Соңғы жаңалықтар
telegram