«Каспий» футбол клубында ОЖЖ-ға бөлінген 27 млн теңгеден астам қаражат жымқырылған

АҚТАУ. KAZINFORM – «Каспий» футбол клубында оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 27 млн теңгеден астам қаражат жымқырылғаны белгілі болды. Бұл туралы Маңғыстау облысының прокуратурасы мәлімдеді. 

ФК Каспий
Фото: caspiy_fc

Облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҰҚКД-мен бірлесіп осы фактіні тергеу барысында, клубтың бұрынғы басшысы өзінің екі танысымен бірге, күш қолдану арқылы клубтың қызметкерін айғақтарды өзгертуге мәжбүрлегені анықталды. Сонымен қатар 15 млн теңгені қорқытып алуға әрекеттенген.

2024 жылдың 3 желтоқсанында футбол клубының экс-басшысын, «К» және «О» есімді азаматтарды қамауға алуға санкция берілді. 

Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Конференция лигасының 4-турында елордалық «Астана» футбол клубының португалиялық «Витория» командасымен тең тарқасқанын жазған едік. 

 

Соңғы жаңалықтар