Каспий көлік жүйесі жобасын жүзеге асыру мерзімі өзгеруі мүмкін

АСТАНА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Каспий көлік жүйесі жобасын жүзеге асыру мерзімі өзгеруі мүмкін.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкімет басшысы К.Мәсімовтің қатысуымен өткен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры басқармасының кеңейтілген кеңесі барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ президенті Қайыргелді Қабылдин мәлім етті.

Каспий көлік жүйесі жобасы бойынша өткен жылы француздармен арада меморандумға қол қойылғандығын еске салған компания басшысы, «қазіргі уақытта жобаның барлық техникалық-экономикалық көрсеткіштерін анықтадық», деді.

Алайда шілденің 27-інде Қашаған жобасына қатысушы 6 компания өкілдері еліміздің Мұнай және газ министріне жобаның 2-ші кезеңін жүзеге асыру мерзімін 2018-2019 жылдарға ауыстырылатындығы турасында ақпарат ұсынған. Осыған орай Қ.Қабылдиннің пікірінше, Каспий көлік жүйесі жобасының жүзеге асырылу мерзімі өзгермек.

Айта кетейік, Қашағанда мұнай өндіру мерзімі бірнеше рет өзгерген болатын. Итальяндық Eni бастаған шетелдік компаниялар консорциумы коммерциялық мұнай өндіруді 2008 жылы жүзеге асыруға ниеттеніп, кейін мерзімін 2011 жылға өзгерткен еді. Қазақстан Каспий көлік жүйесі жобасының жүзеге асырылуы Каспий теңізіндегі кен орындарынан əлемдік нарыққа шығарылатын мұнай көлемінің ұлғаюына ықпал етеді.

Соңғы жаңалықтар