Каспий құбыр консорциумы Қазақстаннан 1 жылда 53,8 млн тонна мұнай тасымалдады

АТЫРАУ. KAZINFORM – Каспий құбыр консорциумының желісімен былтыр Қазақстандағы кен орындарынан 53 млн 845 мың 589 тонна мұнай тасылмалданған.

Каспий құбыр консорциумы Қазақстаннан 1 жылда 53,8 млн тонна мұнай тасымалдады
Фото: freepik

Каспий құбыр консорциумының баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, өткен жылы мұнай тасымалдайтын 584 кемеге 63 млн 9 мың 481 тонна мұнай тиелген. 

Бұл құбыр желісімен Қазақстанның батыс өңіріндегі 3 кен орнының мұнайы тасымалданады. Кен орнының екеуі – «Теңіз» бен «Қашаған» Атырау облысында, ал «Қарашығанақ» кеніші Батыс Қазақстан облысында орналасқан. 

– Былтыр консорциумның құбыр желісіне мұнайдың көп көлемі Қазақстандағы 3 кен орнынан аллынды. Оның ішінде «Теңіз» кенішінен 26 млн 819 мың 535 тонна, «Қашаған» кен орнынан 17 млн 209 мың 596 тонна, «Қарашығанақ» кен орнынан 9 млн 816 мың 458 тонна мұнай тасымалданды, -деп хабарлады консорциумның баспасөз қызметі. 

Сондай-ақ консорциумның құбыр желісімен 2001 жылдан 2024 жылғы 31 желтоқсан аралығында әлем нарығына 951 млн 86 мың 380 млн тонна мұнай жеткізілген. 

Еске сала кетелік, бұдан бұрын «Қашағанда» шикі газды көп жаққан компаниядан 3,5 млрд теңге залал өндірілетінін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар