Каспий құбыр консорциумы теңіз терминалындағы бір қондырғының жұмысын тоқтатты

су құбыры
Фото: primeminister.kz

АТЫРАУ. KAZINFORM – Каспий құбыр консорциумының Қара теңіз жағалауында орналасқан терминалында бір қондырғының жұмысы тоқтап тұр. 

Бұл туралы бүгін консорциумның баспасөз қызметі хабарлады. Теңіз терминалындағы ВПУ-2 қондырғысының жұмысын тоқтатуға жоспарлы жөндеу себеп болған.

«Қазіргі уақытта жер үсті және су астындағы шлангілерді ауыстыру мақсатындағы жоспарлы жұмыстарға байланысты ВПУ-2 пайдаланудан шығарылды. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін осындай іс-шара ВПУ-1 қондырғысында да жүргізілетін болады», - деп хабарлады консорциумның баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, 2024 жылдың басынан бері Қара теңіз айлағындағы терминалда 192 танкерге 21,1 миллион тонна мұнай тиелген.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Каспий құбыр консорциумының магистральдық құбырымен мұнай тасымалы тоқтатылғанын жазған едік.

Кейін Каспий мұнай консорциумы Қазақстан мұнайын жөнелтуді қайта бастады.

Соңғы жаңалықтар